Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақ ақпарат агенттiгi» республикалық қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қазандағы № 1467 қаулысының 8-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 22 маусымдағы № 858 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 251-құжат): аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бастаған Қазақстан Республикасы үкiмет делегациясының 1995 жылғы наурызда АҚШ-қа сапары барысында қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспарында; реттiк нөмiрi 1, «Инвестициялық бағдарламалар мен жобаларын iске асырылу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау» деген жолдарда 5-бағандағы «ҚазТАГ» деген сөз «ҚАА» деген сөзбен ауыстырылсын; »Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 19, 164-құжат): аталған қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның жеке құрамынан Т.К.Есiлбаев шығарылсын. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1967 жылғы 27 ақпандағы № 200 өкімі; «Қазақ КСР Министрлер Советiнiң жанындағы Ақпарат агенттiгi (ҚазТАГ) туралы ережеге өзгерту енгізу туралы» Қазақ КСР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 11 мамырдағы № 186 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |