Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы (2024.09.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024.19.07. № 274 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 11) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрілігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|