Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы (2021.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2019.22.05. № 307 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2041 жылға дейінгі кезеңге «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2021.14.08. № 558 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Ақтау теңіз порты» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары; 2) «Оңтүстік» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары; 3) «Павлодар» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары; 4) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары бекітілсін. 3. ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 802 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген
«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2020.22.01. № 9 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.14.08. № 558 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) теңiз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының және Мұнайлы ауданының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiндегi аумақтың бөлігінде орналасқан. АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|