Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 1-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» (2021.24.09. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
2. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі-Комиссия) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|