|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 56-ө өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-тарау. ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 3-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу 6-бап. Уәкілетті органның функциялары 8-бап. Уәкілетті ұйымның функциялары 3-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН 9-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының функциялары 10-бап. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шаралары 11-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау 12-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын ақпараттық-консультациялық қолдау 13-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау 14-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының сыртқы экономикалық қызметін қолдау 15-бап. Қару-жарақ пен әскери техника айналымының ерекшеліктері 16-бап. Пайдаланылмайтын мүлік айналымының ерекшеліктері 17-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы құқықтық реттеу 18-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық салалары мен нысандары 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС 19-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, оның құрамы мен мазмұны 20-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру 21-бап. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру ерекшеліктері 22-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт 24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау 25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары 26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары 27-бап. Әскери өкілдіктердің міндеттері мен функциялары 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әскери мақсаттағы жұмыстар - заттай нәтижесі бар, қорғаныс объектілерін жобалауға, салуға, күрделі жөндеуге, қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуге, өндіруге (құрастыруға), күрделі жөндеуге, жаңғыртуға байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет; 2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан әрі - жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге мүмкіндіктері бар заңды тұлға; 3) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер - заттай нәтижесі жоқ, қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды беруге, оларға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, техникалық куәландыруға және диагностикалауға, техникалық қолдап отыруға, қызмет көрсетуге және жөндеуге, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуге, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюға және қайта өңдеуге байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет; 4) әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) - қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техника, техникалық және арнайы құралдар, заттай мүлік және арнайы мүлік, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) өндіруге, сынауға арналған жабдық, көрсетілген тауарларға (өнімдерге) жиынтықтауыштар және қосалқы бөлшектер; 5) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндіруші (бұдан әрі - отандық тауар өндіруші) - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға; 6) әскери өкілдіктер - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы орындалған жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыру үшін меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда орналастырылатын оқшауландырылған құрылымдық бөлімшелері; 7) әскери техника - жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен әскери-көмекші кемелер), әскери әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жарақтандырылатын корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары; 8) әскери-техникалық көмек (техникалық жәрдем) - шет мемлекетке (шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан) өтеусіз немесе өзге де жеңілдікті негізде қару-жарақты, әскери техника мен әскери мақсаттағы өзге де тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ техникалық қолдау, мамандарды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну (алу); 9) әскери-техникалық ынтымақтастық - мемлекеттердің әскери ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ олардың қорғаныс өнеркәсібін қолдауға және (немесе) дамытуға байланысты халықаралық қатынастар саласындағы қызмет; 10) әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері - мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге қатысты тиісті қызмет түріне құқығы бар заңды тұлғалар; 11) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері - қойылатын талаптар мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 12) жаңғырту - орындау нәтижесінде қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жекелеген тактикалық-техникалық элементтері олардың негізгі мақсаты бұрынғы күйінде сақтала отырып өзгеретін, оларда қолданылған техникалық құралдардың және жиынтықтаушы бұйымдардың ескірген үлгілерін жаңа, неғұрлым қазіргі заманғы үлгілермен ауыстырумен (немесе жаңа техникалық шешімдер қолданумен) сипатталатын, үлгінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені; 13) жөндеу - қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың механизмдерінің, жиынтықтаушы бұйымдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, тоқтап қалу себептерін жою және жұмсалған ресурсын қайта қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені; 14) қару-жарақ - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар; 15) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы - қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу, монтаждау, баптау, жаңғырту, орнату, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету, беру, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету; 16) қорғаныс өнеркәсібі - жұмыс істеуі қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мақсатында әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіруді, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін өнеркәсіп саласы; 17) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеует - отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілердің тапсырыстарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға қабілеттілігі; 18) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен - қоғамдық қатынастары қорғаныс өнеркәсібі саласында туындайтын, меншік нысандарына қарамастан заңды тұлғалардың жиынтығын қамтитын мемлекеттің әскери ұйымының құрамдас бөлігі; 19) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары - қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы саласында лицензиялары бар отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер; 20) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту - қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін жасауды, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, өндірілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің) номенклатурасын кеңейтуге, өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар өндірісін техникалық қайта жарақтандыру, оларды тарту және ендіру жөніндегі жұмыстар кешені; 21) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) ретінде пайдаланылуы не кейіннен бейіні өзгертіліп пайдаланылуы мүмкін өнім мен технологиялар; 22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс - мемлекетте қорғаныс мұқтаждары, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі; 23) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары; 24) мемлекеттік-қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - меншік нысандарына қарамастан әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындайтын және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсететін, біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың тізбесі; 25) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы - мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым және заңды тұлға; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 26) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулер (бұдан әрі - ғылыми зерттеулер) - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту саласындағы қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар; 27) мүлікті жою - мемлекет бақылайтын, пайдаланылмайтын мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму жөніндегі қызмет; 28) мүлікті кəдеге жарату - пайдаланылмайтын мүлікті оның ұрысқа тəн қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ оның құрамдастарын кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу; 29) мүлікті көму - одан əрі пайдалануға жатпайтын пайдаланылмайтын мүлікті зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін болғызбау мақсатында арнайы белгіленген орындарда оқшаулау; 30) мүлікті қайта өңдеу - пайдаланылмайтын мүлікті тауарларды немесе өзге де өнімді өндіруде (дайындауда) одан әрі пайдаланылатын шикізатты немесе оны өзге де материалдарды ала отырып, оны тікелей мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ онымен жұмыс істеуді жеңілдету, оның көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгерту; 31) мүлікті құртып жіберу - пайдаланылмайтын мүлікті толығымен жойып жіберу; 32) оқ-дәрілер - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға тікелей арналған қару-жарақтың құрамдастары, сондай-ақ көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар; 33) пайдаланылмайтын мүлік - қорғаныс объектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық әскери мүлкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық қаруы, әскери техникасы, арнайы құралдары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау мүлкі, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, арнайы техникалық құралдары, техникалық құралдары; 34) регламенттелген техникалық қызмет көрсету - қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға олардың қызмет ету (пайдалану) мерзімі ішіндегі жұмысқа қабілеттілігін немесе жарамдылығын ұстап тұру үшін пайдалану құжаттамасында белгіленген белгілі бір жол жүруден, атқарымнан немесе интервалдан кейін мерзімдік техникалық қызмет көрсету; 35) техникалық куәландыру және диагностикалау - қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың техникалық жай-күйін бағалау және оларды одан әрі пайдалану, жөндеу немесе жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жарамсыздықтарды, ақауларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені; 36) техникалық құралдар - қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы қолдануға, оларға қызмет көрсетуге, жөндеуге және оларды сақтауға, оқытуға және тылдық қамтамасыз етуге арналған құралдар, жүйелер, кешендер, құрылғылар, байланыс құралдары, оптикалық және электрондық-оптикалық аспаптар, мемлекеттік құпияларды қорғау және радиоэлектрондық күрес құралдары, сондай-ақ қорғаныс объектілері мен өзге де қорғалатын объектілердің күзетін (байқауды), қорғанысын (диверсияға қарсы қорғанысын) қамтамасыз ететін техникалық күзет құралдары; 37) техникалық қызмет көрсету - қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жөндеуаралық кезеңдегі олардың техникалық даярлығын ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені, оларды өткізу қажеттілігі олардың техникалық жай-күйімен айқындалады; 38) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 39) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы 1. Қазақтан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу мыналарды: 1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді; 2) әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді; 4) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруды; 5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыруды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; 6) ұлттық қауіпсіздік саласындағы және қорғаныс саласындағы ғылымды дамытуды; 7) мемлекеттік органдардың және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қызметін үйлестіруді; 8) халықаралық ынтымақтастықты; 9) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын реттеуді; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзге де іс-шараларды қамтиды.
4-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері: 1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру; 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету; 3) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану; 4) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету; 5) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту; 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы 2-тарау. ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ3-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеу4-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері6-бап. Уәкілетті органның функциялары7-бап. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы функциялары8-бап. Уәкілетті ұйымның функциялары 3-тарау. ҚОРҒАНЫСТЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН9-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының функциялары10-бап. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шаралары11-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын қаржылық қолдау12-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын ақпараттық-консультациялық қолдау13-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының кадр әлеуетін дамытуды қолдау14-бап. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының сыртқы экономикалық қызметін қолдау15-бап. Қару-жарақ пен әскери техника айналымының ерекшеліктері16-бап. Пайдаланылмайтын мүлік айналымының ерекшеліктері17-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы құқықтық реттеу18-бап. Әскери-техникалық ынтымақтастық салалары мен нысандары 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС19-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс, оның құрамы мен мазмұны20-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру21-бап. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру ерекшеліктері22-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт23-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер24-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау25-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың функциялары26-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың функциялары27-бап. Әскери өкілдіктердің міндеттері мен функциялары28-бап. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді бөлу және беру29-бап. Рекламация 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |