|
|
|
«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «География және су қауіпсіздігі институты» акционерлік қоғамы етіп қайта ұйымдастыру туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 13) тармақшасына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазҰТЗУ» КеАҚ) «География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген серіктестіктің қатысу үлесі республикалық меншікке қабылданғаннан кейін серіктестік жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «География және су қауіпсіздігі институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |