Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы (2020.01.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже; 2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын. 4. ҚР Үкіметінің 2019.09.07. № 488 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, Үйлестіру кеңесінің стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асырудың ерекше шарттарын ұсыну жөніндегі өкілеттіктерін (оның ішінде салықтық преференциялар, мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы, жер қойнауын пайдалану құқығы, жер учаскелерін беру, шикізатпен қамтамасыз ету, инфрақұрылым жеткізу, қаржыландыру және субсидиялау шарттары, визалық және көші-қон режимі, рұқсат беру және келісу рәсімдерінен өтудің өзге де тәртібін айқындау) заңнамалық деңгейде айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлесін. 6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп, үшінші елдердің визаларын және шетелдік азаматтар мен авиатасымалдаушыларға қатысты транзиттік визаларды тану тәжірибесін қолдана отырып, визалық және көші-қон режимін ырықтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының электрондық визаларын енгізу жөнінде шаралар қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|