|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы 3-бап. Микрокредиттер беру тәртібі мен шарттары 4-бап. Микрокредит беру туралы шарт 5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету 7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi 8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi 9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi 10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату 3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI 11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы 12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру 13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы 14-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу 15-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту негіздері 16-бап. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару үшін негіздер 17-бап. Микрокредиттер беру қағидалары 19-бап. Микроқаржы ұйымдары қызметiнiң қосымша түрлерi 20-бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттама жүргiзу тәртiбi 21-бап. Микрокредит беру құпиясы 22-бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау 24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу 25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату 4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ 27-бап. Уәкілетті органның құзыреті 28-бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері 29-бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 30-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық 31-1-бап. Микрокредит беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы хабарлама 32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржы ұйымдарының құқықтық жағдайының, құрылуының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) есептік тіркеу - микроқаржы ұйымын осы Заңның 14-бабына сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне қосу; 2) кредиттiк дерекнама - микроқаржы ұйымы әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәлiметтер; 3) қарыз алушы - микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 4) мақсатты микрокредит - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес қарыз алушының белгiлi бiр мақсаттарға оны пайдалануының талаптарымен берiлген микрокредит; 5) микрокредит - микроқаржы ұйымы қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша; 6) микроқаржы ұйымдарының тізілімі - микроқаржы ұйымдарының бірыңғай тізбесі; 7) микроқаржы ұйымы - коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға; 8) өтініш беруші - микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға; 9) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары микроқаржы ұйымдарына осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Микрокредиттер беру тәртібі мен шарттары 1. Микроқаржы ұйымы бір қарыз алушыға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді. 2. Микроқаржы ұйымы өзінің жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидалары болғанда ғана микрокредиттерді беруге құқылы. 2-1. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4. Микрокредит берумен байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микроқаржы ұйымы микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде алады. Екінші абзац 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылады Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көздемейтін микрокредит беру шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, микроқаржы ұйымының микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және микрокредит беру туралы шартта көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін микрокредит беру шарттарын таңдау үшін беруге міндетті. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.
4-бап. Микрокредит беру туралы шарт 1. Микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. 2. Микроқаржы ұйымы жасаған микрокредит беру туралы шарт жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған талаптарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде берілуге жатады. 3. Микрокредит беру туралы шартта: 1) микроқаржы ұйымының атауы мен қарыз алушы - жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол бар болса) немесе қарыз алушы - заңды тұлғаның атауы; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) берiлген микрокредит сомасы; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2-1) микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесі, сондай-ақ олардың мөлшері; 3) микрокредиттi өтеу мерзiмдерi; 4) микрокредиттi өтеу тәсiлi (қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз тәртіппен, бiржолғы не бөліп-бөліп); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5) микрокредиттi өтеу әдiсi: аннуитеттік немесе сараланған не микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес басқа да әдіс; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 5-1) микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 5-2) негізгі борышты уақтылы өтемегені және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және мөлшері; 6) микрокредитті өтеу және сыйақы сомалары қамтылған кезекті төлемдерді өтеу күндері және мөлшерлері, келесі өтеу күніне микрокредит сомасының қалдықтары көрсетіле отырып, сондай-ақ микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған күнгі микрокредиттің және сыйақының жалпы сомасы көрсетілген микрокредит беру туралы шарттың екі тарабы да қол қойған микрокредитті өтеу кестесі; 7) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол бар болса) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету; 8) микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері, оның ішінде жылдық сыйақы мөлшерлемесінің және осы Заңның 5-бабында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құны) мөлшері; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 8-1) микрокредит беру туралы шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері; 9) тараптардың жауапкершілігі; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптар қамтылады. 4. Микрокредиттің мақсатын, сондай-ақ оның мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру тәртібін көрсету мақсатты микрокредит беру туралы шарттың міндетті талабы болып табылады. Микрокредит мақсатында пайдаланылмаған кезде қарыз алушы микроқаржы ұйымына микрокредитті мерзімінен бұрын қайтаруға және микрокредитті қайтару күні микрокредит беру туралы шарт бойынша есептелген, пайдаланылған микрокредит бөлігіндегі сыйақыны төлеуге міндетті. 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға берген кезде, қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қолданылады. Өзіне құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 5. Микрокредит беру туралы шарттарда осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 5-2), 8) тармақшаларында және 4-тармағында көрсетілген талаптар шарттың бірінші бетінен бастап аталған дәйектілікпен көрсетіледі. Егер микрокредит беру туралы шартта оның жекелеген талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабына сәйкес сілтемесі бар үлгілік талаптармен айқындалатыны көзделсе, микрокредит беру туралы шарттың тараптардың қолдарын қамтитын бір бөлігі осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған міндетті талаптарды қамтуға тиіс. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi, қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады) 6. Жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит беру немесе жеке тұлғаға берілген тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредитті өтеу мақсатында жаңа микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту кезінде, мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтап қосуға) жол берілмейді.
5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 1. Микрокредитті бергені, оған қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микроқаржы ұйымына төленуге жататын сыйақыны, олар бар болса - комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін, микрокредит бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс. 2. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидасын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 3. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы шарттың талаптары өзгерген кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін есептеу микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан бері микрокредит бойынша қарыз алушы жасаған төлемдер ескерілмей, талаптары өзгертілетін күнгі берешек қалдығы, микрокредитті өтеудің қалған мерзімі негізге алына отырып жүргізіледі.
6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету 1. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 1-1-тармақтың бірінші - он төртінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады 1-1. Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді: 1) негізгі борыш бойынша берешек; 2) сыйақы бойынша берешек; 3) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл); 4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы; 5) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы; 6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары. Мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының жүргізген төлем сомасы, егер бұл қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді: 1) негізгі борыш бойынша берешек; 2) сыйақы бойынша берешек; 3) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы; 4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы; 5) микрокредит беру туралы шартта айқындалған мөлшердегі тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл); 6) микроқаржы ұйымының орындауды алу бойынша шығасылары. Микрокредит беру туралы шартты орындау талаптарын өзгерту микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен жасалады. 2. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуі үшін микроқаржы ұйымдарының осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда, заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін қабылдауына тыйым салынады.
7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi 1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеменің орындалуы қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беруге; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға беруге; 2) микрокредиттер беру қағидаларында айқындалған, микрокредит беру туралы шартты жасау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажетті құжаттар мен мәлiметтердi қарыз алушыдан (өтініш берушіден) сұратуға; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті органға, сондай-ақ қарыз алушыларды (өтініш берушілерді) микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша, сондай-ақ қарыз алушы (өтініш беруші) - жеке тұлғаның заңды мекенжайы бойынша және қарыз алушы (өтініш беруші) - заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша екi баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi ақпарат жариялау арқылы не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде әрбір қарыз алушыны (өтініш берушіні) жазбаша хабардар ету арқылы жазбаша хабарлауға; 2) микрокредиттер беру қағидаларының көшiрмесiн микроқаржы ұйымы қарыз алушысының (өтініш берушісінің) көруі және онымен танысуы үшін қолжетiмдi жерде, оның ішінде микроқаржы ұйымының интернет-ресурсы бар болса, сонда орналастыруға; 3) өтініш берушіге микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат беруге; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті. Қарыз алушыға микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезектілікпен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс: сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады; аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Микроқаржы ұйымы микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсыныуы мүмкін; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 4-1) жеке тұлға болып табылатын қарыз алушының берешегінің ұлғаюын болдырмау мақсатында микроқаржы ұйымы негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары, тұрғынжай және (немесе) тұрғынжай орналасқан жер учаскесі болып табылатын жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша кез келген төлемді өтеу жөніндегі міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткеннен кейін сыйақы төлемін, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес. 5) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат беруге; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға; 6) микрокредит беру құпиясын сақтауға; 7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыруға және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құруға; 8) уәкілетті орган белгiлеген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін сақтауға; 9) уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде және тәртіппен уәкілетті органға есептілік ұсынуға; 10) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 11) он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабардар етуге; 12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi. 1) біржақты тәртіппен микрокредит беру туралы шартқа қол қойған күні қолданыста болған, микрокредиттерді беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін, сондай-ақ тарифтер мен комиссиялардың мөлшерлерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) өзгертуге; 2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыға микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін айыппұл санкцияларын қолдануға құқылы емес.
8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi 1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға; 2) микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат алуға; 3) микрокредит беру туралы шарт жасасудан бас тартуға құқылы. 2. Өтініш беруші микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы шарт және қарыз алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін шарттар жасасу үшін қажетті, осы Заңның 20-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады. 3. Өтініш берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi 1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға; 2) алған микрокредитке микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен билік етуге; 3) өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қорғауға; 4) микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит сомасын микроқаржы ұйымына мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) микрокредит беру туралы өзі жасасқан шарт бойынша құқық (талап ету) басқаға берілген жағдайда, осы Заңның 9-1-бабы 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсманына жүгінуге құқығы бар. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 1) микрокредит беру туралы шартта белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен алынған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша сыйақыны төлеуге; 2) микроқаржы ұйымы осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге; 3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында және микроқаржы ұйымымен жасалған шарттарда белгіленген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы 2-тарау. МИКРОКРЕДИТТЕР БЕРУ3-бап. Микрокредиттер беру тәртібі мен шарттары4-бап. Микрокредит беру туралы шарт5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi9-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату 3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы14-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу15-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту негіздері16-бап. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару үшін негіздер17-бап. Микрокредиттер беру қағидалары18-бап. Iшкi бақылау қызметi19-бап. Микроқаржы ұйымдары қызметiнiң қосымша түрлерi20-бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттама жүргiзу тәртiбi21-бап. Микрокредит беру құпиясы22-бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау23-бап. Құжаттарды сақтау24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату 4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ26-бап. Микроқаржы ұйымы үшін белгіленетін пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер27-бап. Уәкілетті органның құзыреті28-бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері29-бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |