Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін кезеңдік басылымдарда және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекетік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|