Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 Қаулысы (2023.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер; 3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және оның ведомстволарына берсін; 2) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берсін;. 4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|