|
|
|
«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ) «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ-пен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын; 2) серіктестіктің қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |