Қазақстан Республикасы Yкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2008.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 760 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің өрт қауіпсіздігi мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
«Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде: 5-тармақтың бірінші абзацында «және қадағалау» деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақтың екінші абзацында «өрттен қадағалауды» деген сөздер «өртті бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақтың бірінші абзацында: «жергілікті мемлекеттік өрт қадағалау органына» деген сөздер «мемлекеттік өртті бақылау органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2008.06.10. № 920 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Өрт-техникалық өнімдерін шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 46, 466-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт-техникалық өнімдерін шығару ережесінде: 25-тармақта «қадағалауды» деген сөз «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. «Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 162-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесінде: 1-тармақта «және қадағалау» деген сөздер алынып тасталсын.
|