«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында: «Бағдарлама паспорты» деген бөлімде: «Іске асыру мерзімдері және кезеңдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде: 2-тармақтың он жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.»; «Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-бөлімде: 4-тармақтың екінші бөлігіндегі 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар - 5,5 %-ы; 2) жұмыссыздар - 11,0 %-ы;»; 5-тармақтың екінші, төртінші, бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына қосылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай - 92,0 %; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|