Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы (2018.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2017.26.12. № 882 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 2017.22.06. № 390 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2017.22.06. № 390 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|