Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығында: 1-тармақта 11) тармақша алып тасталсын; осы бұйрыққа 11-қосымша алып тасталсын. 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығында: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ереже;»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы: 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ережені әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын; 2) Ережені Комитеттің және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы бөліністері жеке құрамының зерделеуін ұйымдастырсын және оларды практикалық қызметте басшылыққа алуын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|