Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) тәртібін айқындайды және реттейді. 2. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтық қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|