Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы (2016.12.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабы 13)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін; 2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3)-тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 2015 жылғы 20 сәуір
Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 277 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|