Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9892 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|