ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2023.31.07. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 22 шілде
№ 76
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 76 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: «8-1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Институт құрылымында Институттың Үйлестіру кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін. Институттың Үйлестіру кеңесі Институт қызметінің негізгі бағыттарын келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын өзге функцияларды жүзеге асырады.». 2. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|