«Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын: «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|