Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1031 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 485-құжат). 2. «Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 487-құжат). 3. «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1045 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 493-құжат). 4. «Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 147-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|