Білім беру саласындағы лицензияларды айқындау туралы (2017.19.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2017.19.06. № 379 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жоғары білімнің білім беру бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, діни білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар; 3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|