Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы (2013.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аңшы, балықшы және қорықшы куәлігін беру ережесі бекітілсін. 2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 ж., № 5, 261-құжат) бұйрығы; 2) «Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 231 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4830 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған) бұйрығы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|