|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының Заңы
Мемлекеттiк жастар саясаты туралы (2023.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамасы 3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары 4-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті 7-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 8-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті 9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті 10-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті 11-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 12-бап. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыреті 13-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті 14-бап. Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті 14-1-бап. Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органның құзыреті 15-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті 16-бап. Қорғаныс министрлігінің құзыреті 17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті 18-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның құзыреті 19-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ 20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары 20-1-бап. Жастардың даму индексі 20-2-бап. Уақытша бос жүрген жастар 21-бап. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдар 22-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым 23-бап. Жастар ресурстық орталықтары 24-бап. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 25-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер 26-бап. Халықаралық ынтымақтастық 27-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету 4-тарау. ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУЫ 29-бап. Жастардың волонтерлік қызметі 30-бап. Жастардың өзін-өзі басқаруы 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың» деген сөздер «оның іске асырылу мониторингін және» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) жас маман - отыз бес жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де отыз бес жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) отыз бес жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан отыз бес жасқа дейiнгi азаматтары; 4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым - мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі; 2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1) жастарға арналған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер - жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудағы ақпараттық-консультативтік көмек; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 4-2) жастар еңбек жасақтары - уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жастар бірлестіктері; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 4-3) жастармен жұмыс жөніндегі маман - жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 4-4) жұмыс істеп жүрген жастар - отыз бес жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары; 5) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы - мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы есеп; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 5-1) Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексі (бұдан әрі - жастардың даму индексі) - іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және мынадай негізгі: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бағыттары бойынша жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс; 6) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі; 7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 8) өңірлік жастар форумы - жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) республикалық жастар форумы - жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 10) уақытша бос жүрген жастар - жастардың уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс бөлігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары 1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады. 2. Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері: 1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту; 3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады. 3. Мемлекеттік жастар саясаты: 1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы; 2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік; 3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық; 4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы; 5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы; 6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.
4-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: 1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту; 2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру; 3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау; 4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау; 2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру; 7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру; 8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) мәдени оқу-ағарту мен бос уақыт үшін жағдайларды қамтамасыз ету; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 10) жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 11) жастардың волонтерлік қызметін дамыту болып табылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Қазақстан Республикасының Президентіне «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын енгізеді; 3) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін, оның ақшалай сыйақы мөлшерін және номинацияларын бекітеді; 4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырады және іске асырады; 2) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады; 3) жастар ұйымдарымен мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 5) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады; 6) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 7) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 8) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді; 9) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 10) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 11) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 11-1) жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді; 12) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлейді; 2019.06.05. № 251-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 12-2) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 12-3) жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 13) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдеседі; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 13-1) уақытша бос жүрген жастармен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді; 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар ұйымдарымен білім беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті Ғылым саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар ұйымдарымен ғылым мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар ұйымдарымен денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) жастар арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шаралар әзірлейді; 3) «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 4) жастар ұйымдарымен жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1) жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 4-2) уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті дамыту жөнінде шаралар әзірлейді; 3) жастар ұйымдарымен жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыреті Мәдениет саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады; 2) дарынды жастарды және болашағы бар жастар шығармашылық ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; 3) жастар ұйымдарымен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізеді; 3) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады; 4) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) жастар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады; 3) жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 14-1-бап. Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органның құзыреті Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асырады; 3) жастар ұйымдарымен этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөніндегі өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде шаралар қолданады; 3) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады; 4) жастар ұйымдарымен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-бап. Қорғаныс министрлігінің құзыреті Қорғаныс министрлігі өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады; 3) жастар ұйымдарымен қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады; 2) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады; 3) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады; 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамасы3-бап. Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары4-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті6-бап. Уәкілетті органның құзыреті7-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті8-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті10-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті11-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті12-бап. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыреті13-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті14-бап. Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті14-1-бап. Этносаралық қатынастар саласындағы уәкілетті органның құзыреті15-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті16-бап. Қорғаныс министрлігінің құзыреті17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті18-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның құзыреті19-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ20-бап. Республикалық және өңірлік жастар форумдары20-1-бап. Жастардың даму индексі20-2-бап. Уақытша бос жүрген жастар21-бап. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдар22-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым23-бап. Жастар ресурстық орталықтары24-бап. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы25-бап. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер26-бап. Халықаралық ынтымақтастық27-бап. Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету 4-тарау. ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСУЫ5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |