|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 128-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): 144-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Азаматтың жеке өмір құпиясын, оның ішінде хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, интимдік өмір, бала асырап алу, туу құпиясын, адвокаттық құпияны, медицина қызметкерінің, банк салымдарының құпиясын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қорғауға құқығы бар. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген жағдайларда ғана жеке өмір құпиясын ашуға болады.». 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 830-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша;»; 2) 1051-баптың 4-1-тармағындағы «туралы куәлік» деген сөздер «туралы куәлік немесе хабарлама» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 158-баптың 1-тармағындағы «осы жер учаскесі есепке алынған орын бойынша» деген сөздер алып тасталсын. 4-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 154-1-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартқа қол қою, сондай-ақ шартты тіркеу.». 5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағында: 5-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі - тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізуге, азаматтық хал актілерінің күшін жоюға және оларды қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ жеке тұлғалардың дербес деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;»; 2) 3-баптың 5) тармақшасындағы «мемлекеттік органдардың» деген сөздер «органдардың» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «бір ай мерзім» деген сөздер «күнтізбелік он бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 53-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер мен қызметкерлер, сондай-ақ жеке өмір туралы өзгеше түрде хабардар болған басқа да адамдар жеке және отбасылық құпияны сақтауға міндетті.»; 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тіркеуші органның жұмыскерлері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпарат қамтылатын құжаттарды беруге құқылы емес.»; 5) 64-бапта: 3-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер ата-анасы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуге қарамастан бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бірге тұрып жатқан ата-ана оған өзінің тегін бергісі келсе немесе ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, баланың тегін әкесінің немесе әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасының аты бойынша өзгерткісі келсе, тіркеуші орган баланың мүдделеріне қарай және екінші ата-ананың нотариатта ресімделген пікірін ескере отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді.»; 4-тармақ алып тасталсын; 6) 114-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «баланың тууы, бала асырап алу туралы куәліктерді» деген сөздер «туу туралы куәлікті, қажет болған кезде анықтаманы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 177-бапта: бірінші бөліктегі «, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қайтыс болу туралы куәлікті және Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуге, қалпына келтіруге, қайтыс болған адамның дербес деректеріне өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізуге, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді беруге тыйым салынады.»; 8) 178 және 179-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «178-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру 1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі. Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Қағаз жеткізгіште берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен бекемделеді. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, анықтаманы берген, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің лауазымды адамының қолтаңбасымен және Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің елтаңбалы мөрімен бекемделген құжат қағаз жеткізгіште беріледі. Қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік береді. 2. Балаларына қатысты ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға балалардың туу туралы қайталама куәліктері құқықтары қалпына келтірілгенге дейін қайтадан берілмейді. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәліктер некесін (ерлі-зайыптылықты) бұзған немесе некесі (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін берілмейді. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан немесе ол жарамсыз деп танылғаннан не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін қажет болған кезде неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беріледі, онда некені тоқтату негізі көрсетіледі. 3. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар қазақ немесе орыс тілінде толтырылады. Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар, қайтыс болған адам) туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады. 4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар нотариат куәландырған сенімхатпен берілуі мүмкін. 179-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар 1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында - тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жүргізеді. 2. Ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі тиісті ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдауды және осы Кодексте көзделген мерзімдерде оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тиісті тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, қажет болған кезде анықтамалар беруді және табыс етуді жүргізеді. 3. Тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері өздеріне, өздерінің жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізуге құқылы емес. Тіркеуші органның жұмыскеріне, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкеріне, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туысына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органның басқа жұмыскері, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің басқа қызметкері жүзеге асырады немесе басқа тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі басқа мекемесінде жүзеге асырылады.»; 9) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді және бекітеді.»; 10) 181-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «181-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт кітаптары, акт жазбалары, куәліктер мен анықтамалар»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Акт кітаптары тігілген және қатаң реттілікпен нөмірленген, оларды құрастырған тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекемделген бірдей екі жүз акт жазбаларын қамтып, екі данада қалыптастырылады. Акт жазбаларының бірдейлігін тіркеуші органның жұмыскерлері қамтамасыз етеді. Акт кітаптарының бірінші даналары азаматтық хал актісін бастапқы мемлекеттік тіркеу орны бойынша - ауданның (қаланың) тіркеуші органының архивінде, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының архивінде сақталады. 2. Электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.»; 11) 184-баптың 3-тармағындағы «туу туралы» деген сөздер алып тасталсын; 12) 187-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «187-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады. Медициналық ұйымнан тыс жерде, оның ішінде үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық куәлікті анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес, анасы босанғаннан кейін жүгінген босандыру ұйымының жауапты медициналық қызметкері ресімдейді. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде баланың ата-анасы туралы мәліметтер азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес толтырылады. Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін мемлекеттік тіркеу кезінде анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер оның сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады. Бұдан әрі баланың анасы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген тәртіппен туу туралы акт жазбасында толықтырылады. Туу туралы медициналық куәлік болмаған жағдайда, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық хал актілеріне ата-анасының атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, ұлтын жазу осы Кодекстің 50, 51 және 63-баптарына сәйкес жүргізіледі. Баланы суррогат ана туған жағдайда, туу туралы медициналық куәлік баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады. 2. Баланың туу туралы медициналық куәлігі баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ баланың туған күнін, айын, жылын және жынысын, құжаттың берілген күнін қамтуға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында берілген, қағаз жеткізгіштегі баланың туу туралы медициналық куәлігі - медициналық ұйымның лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен расталуға тиіс, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс. Медициналық ұйымда баланың туу фактісі туралы мәліметтер туылған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне беріледі.»; 4-тармақ алып тасталсын; 13) 188-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын; 14) 194-баптың 3-тармағында: «жазылмайды» деген сөз «қалауы бойынша жазылады» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Әкесінің атына «-ұлы, -қызы» деген жалғау қосылып, тегін ауыстырған жағдайларда, әкесінің аты жазылмайды.»; 15) 197-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Өлі туған балаға қатысты өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.»; 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Туу және қайтыс болу туралы жасалған акт жазбаларының негізінде қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама беріледі. Ата-анасының өтінуі бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.»; 16) 199-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шетелдіктердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығы расталмаған шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу олардың қалауы бойынша олар тұрақты немесе уақытша тұратын жердегі тіркеуші органдарда жүргізіледі.»; 17) 220 және 222-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «220-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз Тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.»; «222-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру мерзімі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі 1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын беріледі. 2. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүргізеді. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу уақытын тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісуі бойынша тағайындайды. Мемлекеттік тіркеудің уақыты сол үй-жайда қайтыс болуды және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген уақытпен сәйкес келмейтіндей есеппен тағайындалуға тиіс. 3. Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың екеуінің тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде болуы мүмкін болмаса немесе оған қатысуы тым қиын болса (бір-бірінен алыста тұруы, ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығына байланысты мүгедектігі, әскери қызмет өткеруі және басқалары), белгіленген нысан бойынша толтырылған және некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың екеуі қол қойған неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішті олардың біреуі бере алады. Жоқ адамның қолтаңбасын тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері куәландыруы және азаматтың тұрған жеріндегі тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің мөрімен бекемделуі мүмкін, нотариус немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық әрекеттер жасау құқығы берілген өзге де лауазымды адам, сондай-ақ мынадай тәртіппен: 1) әскери қызметшілерді - тиісті әскери бөлімнің командирі; 2) жүзу уақытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын - осы кемелердің капитандары; 3) экспедицияларда болатын адамдарды - осы экспедициялардың бастықтары; 4) стационарлық медициналық ұйымдарда болатын адамдарды - осы ұйымдардың бас дәрігерлері; 5) қамаққа алу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан, мекемелерде ұсталатын адамдарды - тиісті мекемелердің бастықтары; 6) жүріп-тұруында қиындықтар бар мүгедектігі бар адамдарды - дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.»; 18) 223-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша, тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзімді ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жекелеген жағдайларда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді күту мерзімі неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің бастамасы бойынша ұлғайтылуы мүмкін. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден күнтізбелік он бес күннен асыруға болмайтын белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндетті. Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі мүдделі адамдардың өтінуі бойынша немесе өз бастамасымен қажетті тексеруді жүргізеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді кейінге қалдыру туралы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) заңды кедергілер болған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі оны мемлекеттік тіркеуден бас тартады. Егер мұндай кедергілер туралы мәліметтер расталмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу жалпы негіздерде жүргізіледі. Аталған мән-жайларды тексеру күнтізбелік он бес күн ішінде аяқталуға тиіс. Күнтізбелік он бес күнді қысқарту немесе ұлғайту туралы рұқсатты - тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері, ал олар болмаған кезде олардың міндетін атқарушы адам неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішке қарар түрінде береді. Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептер бойынша белгіленген күні тіркеуші органға немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтінуі бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.»; 19) 224-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «жазбаша түрде жасалуға тиіс» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 226-бап мынадай редакцияда жазылсын: «226-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі 1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері жүргізеді. 2. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеппен тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі. 3. Тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері: 1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіру туралы берілген өтініштерді жария етеді; 2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; 3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды; 4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілердің жоқ екендігін анықтайды; 5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті береді. 4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі, оған некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар қолын қояды және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен бекемделеді. 5. Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі, егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екендігін растайтын дәлелдемелері болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартады. 6. Тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»; 21) 228-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «тіркеуші орган» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі» деген сөздермен толықтырылсын; 22) 232-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер негізінде береді.»; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер өтініш беруші бұрын некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті, анықтаманы немесе сот шешімін не жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлікті немесе анықтаманы көрсетеді.»; 23) 234-баптың 2-тармағы «тіркеуші органдарда» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде» деген сөздермен толықтырылсын; 24) 235 және 236-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «235-бап. Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазбаны тоқтата тұру Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс. 236-бап. Жұбайларға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті беру Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік некеге отыратын адамдардың әрқайсысына неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күні неке қиылған орын бойынша электрондық нысанда беріледі. Жұбайлардың қалауы бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.»; 25) 237-бапта: 5) тармақша «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің» деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақша «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің» деген сөздермен толықтырылсын; 26) 238-баптың 2 және 4-тармақтары «тіркеуші органдарда» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде» деген сөздермен толықтырылсын; 27) 239-бап «тіркеуші органда» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде - болатын жеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде» деген сөздермен толықтырылсын; 28) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын: «240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді. Мерзімді есептеу өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |