Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2020.02.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7125 болып тіркелген); 2) «Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 276 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15296 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбек күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|