Қазақстан Республикасы Президентінің (2016.25.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес және республикада химия өнімдерінің жаңа өндірістерін құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2037 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) АЭА туралы ереже; 2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және АЭА-ның нысаналы индикаторларға қол жеткізбеуінің сындарлы деңгейі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалауын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 13-і.
№ 426
Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығымен бекітілген
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы
1. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында орналасқан. АЭА-ның аумағы 505 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. 2. АЭА Қазақстан Республикасында жоғары тиімді технологиялар негізінде химия өнімдерінің жаңа өндірістерін қалыптастыру мақсатында құрылады. 3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. ҚР Президентінің 2016.25.11. № 377 Жарлығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|