Аккредиттеу жөніндегі кеңес құру, оның құрамы мен ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Аккредиттеу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Мыналар: 1) Кеңес құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Кеңес туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, төраға; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары; Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы, хатшы; Аккредиттеу жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша); Стандарттау жөніндегі органның бас директоры (келісім бойынша); Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері (келісім бойынша); Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері (келісім бойынша); Стандарттау Метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің өкілдері (келісім бойынша).
Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 281-НҚ бұйрығына 2-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі кеңес туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|