Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2017.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 1-і.
№ 94 Президентінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 94 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы № 3228 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 47, 451-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) әскери нышандары туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін (Республикалық ұлан) мемлекеттік сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»; 1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|