Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы (2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015.30.12. № 229 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015.30.12. № 229 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 9) тармақшасына, Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2015.30.12. № 229 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|