Қазақстан Республикасы Президентінің
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 457
Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 457 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат; 2003 ж., № 8, 79-құжат; № 49, 558-құжат; 2005 ж., № 32, 424-құжат; 2007 ж., № 3, 35-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; № 44, 495-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат): 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қоса беріліп отырған: 1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже; 2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.»; 2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейімен толықтырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|