Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы (2020.05.03. берілген өзгерістермен)
«Сот-сараптама қызметi туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Казақстан Республикасы Заңының 12-бабының 24) тармақшасын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. «Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1200 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14653 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет Министрінің 2017 жылғы 30 наураздағы № 326 бұйрығымен бекітілген
Сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|