|
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 915 Қаулысымен күші жойылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысымен бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың объектілері) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар мынадай салалардағы қатынастарға қолданылмайды: 1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау; 2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу; 4) сот төрелігі; 5) жедел-іздестіру қызметі; 6) қылмыстық-атқару қызметі; 7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |