|
|
|
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 15-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 1-тармақтың бесінші абзацы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі «15-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;»; 229) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 1-тармақтың жетінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі «229) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттар береді;»; 471) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «471) бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады;»; мынадай мазмұндағы 471-1) тармақшамен толықтырылсын: «471-1) мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай емес қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды) және мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»; 508-33) тармақша алып тасталсын; 508-41) тармақша алып тасталсын; 508-44) тармақша алып тасталсын; 508-47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |