Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын: 1) «Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 200 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11201 болып тіркелген); 2) «Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі№ 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 5 тамыздағы № 509 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23939 болып тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|