Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысымен бекітілген
Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару тәртібін (бұдан әрі - пайдаланудан шығару) айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) радиациялық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы; 2) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 3) пайдаланушы ұйым - атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 4) ядролық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын арнайы қондырғы.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|