«Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығы өзгерістер енгізу туралы
БҰЙРАМЫН: 1. «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10461 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: ««Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 1194 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|