Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрi Б. Сұлтанов 2014 жылғы 12 желтоқсан
Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығымен бекітілген
Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|