|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22- I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат): 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.». 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13- 14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат): 26-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалар салық міндеттемесін: 1) салық органында тіркеу есебіне қоюды; 2) салық есептілігін ұсыну нысандарын, мерзімдерін, тәртібін; 3) бақылау-кассалық машиналарды қолдануды; 4) қосылған құн салығын қайтару мерзімдерін; 5) қызметі тоқтатылған кезде, салық төлеушілерді мемлекеттік дерекқордан алып тастауды айқындайтын, уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес орындайды.». 3. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 29-1), 29-2), 30-1), 35-1) және 44-1) тармақшалармен толықтырылсын: «29-1) олимпиадалық емес спорт түрі - Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі; 29-2) олимпиадалық спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитеті таныған спорт түрі;»; «30-1) паралимпиадалық спорт түрі - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитеті таныған спорт түрі;»; «35-1) спорт түрлерін саралау - халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктеріне, спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігіне, кадр әлеуетінің, материалдық-техникалық базаның болуына, бұқаралығына қарай және өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай спорт түрлерінің даму деңгейін айқындау;»; «44-1) спорттың басым түрлері - спорт түрлерін саралау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында спортты дамыту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру үшін бірінші кезектегілер ретінде айқындалған спорт түрлері;»; 2) 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;»; 3) 6-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын; 4) 7-бапта: 6), 7), 16) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткiзедi;»; «16) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісуімен бекітеді;»; «33) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды - республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің келісуімен, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің келісуімен лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;»; 59) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 62), 63), 64), 65) және 66) тармақшалармен толықтырылсын: «62) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді; 63) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 64) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі; 65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді; 66) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 5) 8-баптың 1-тармағында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;»; мынадай мазмұндағы 2-1), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;»; «20-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді; 20-5) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді;»; 6) 11-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Паралимпиадалық спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелері болып табылуға және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті тануға тиіс.»; 7) 13-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және олимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және олардан босатылуын келісуді жүзеге асырады.»; 7) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар алуға құқылы.»; 8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын: «13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті 1. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс мақсаттары паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады. 2. Ұлттық паралимпиадалық қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті басқарады, ол қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес және Халықаралық паралимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік болып табылады. Мемлекет ұлттық паралимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруына жан-жақты жәрдемдесе отырып, қолдау көрсетеді. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті: 1) мемлекетте паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді; 2) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді; 3) Халықаралық паралимпиада комитетінде Қазақстан Республикасынан өкілдік етеді; 4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді; 5) Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитеті аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады; 6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша Халықаралық паралимпиада комитетіне Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарды өткізуге кандидат қаласы туралы өтінім беруге құқылы; 7) паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларының және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушылардың лауазымдарға тағайындалуын және олардан босатылуын келісуді жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитетіне тиесілі паралимпиадалық рәмізді, девизді, туды және гимнді, «Паралимпиадалық ойындар», «Паралимпиада ойындары» деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық эмблемасына, девизге, туға және өзге де ұлттық паралимпиадалық нышанға айрықша құқықтарды иеленеді. 5. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) Паралимпиадалық ойындарда және Халықаралық паралимпиада комитетінiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы көтеріліп жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және республикалық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті өзінің алдында тұрған жарғылық міндеттерін орындауды меншікті қаржыландыру көздері, қайырымдылық көмек, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары есебінен, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен іске асырады.»; 9) 14-бапта: тақырыптағы «Паралимпиадалық қозғалыс,», «паралимпиадалық,» деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақтағы «Паралимпиадалық қозғалыс,», «Паралимпиадалық ойындарға,», «халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың,» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтағы «Паралимпиадалық қозғалысты,», «паралимпиадалық,» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтағы «Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық» деген сөздер «Сурдлимпиадалық» деген сөзбен ауыстырылып, «Паралимпиадалық ойындарда,» және «Халықаралық паралимпиадалық комитет,» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақтағы «Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық» деген сөздер «Сурдлимпиадалық» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) 16-баптың 6-тармағы «өзгерістер енгізеді,» деген сөздерден кейін «әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатарындағы спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға құжаттар ұсынады,» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектер арасында спортты дамытуды, арнайы спорттық құрал-жабдық беруді қамтамасыз етеді және мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына спорт құрылыстарының қолжетімді болуы үшін жағдай жасайды.»; 12) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын: «33-бап. Мүгедек спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау 1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар тиісті жарыстарға қатысуға өтінім берген мүгедек спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндік деңгейлері бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етеді. 2. Мүгедек спортшыларға сыныптауды жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді. 3. Сыныптау жүргізуді паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымы берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады. 4. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлауды паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитетінің немесе паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымдарының ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырады. 5. Сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер Халықаралық сурдлимпиада комитетінің және Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен спорт төрешілерін даярлау жөніндегі оқыту семинарларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.»; 13) 41-баптың 4-тармағы алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын және 3-тармағы 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы мамырдың 11-і. № 65-VІ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |