«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14-6) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының атауы «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып өзгертілсін. 2. Қоғам Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі болып айдындалсын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 261 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|