Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы (2021.16.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2021.16.07. № 11-1-4/291 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2021.16.07. № 11-1-4/291 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Кадрлар басқармасы: 1) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберуді; 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің Эталондық банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттандыру орталығы» Респбликалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|