Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшағасәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта аталсын. 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде: 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы: бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында, мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару аясында басшылық ету және салааралық үйлестіру, оңалту және банкроттық (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласында, сондай-ақ салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша мемлекеттік реттеу.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|