Осы редакция 2018 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 2-қосымша
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидалары (2016.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметі тәртібін анықтайды. 2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі - мүгедектер) (бұдан әрі - оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жатады. 4. Спорт мектептерінің республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болуы мүмкін. Спорт мектептерінің мәртебесі оның құрылтайшысымен анықталады және спорт мектептерінің жарғысында көрсетіледі. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|