Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2022.04.12. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы оған «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2019.20.02. № 75 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулының 1-тармағын орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атауды; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, соның ішінде «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы қызметінің нысанасын айқындауды көздейтін шешімдеріне тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|