ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1-тармақ 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы» болып өзгертілсін. 2-тармақ 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының штат саны 55 бірлік болып белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының жиырма екінші абзацын; 2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он тоғызыншы абзацтарын; 3) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын, өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағының оныншы, он бірінші абзацтарын, 3-тармағын, 4-тармағының қырық екінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші абзацтарын, 6-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 10 маусым
№ 252
Президентінің 2023 жылғы 10 маусымдағы № 252 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1-тармақ 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|