|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағына берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасайтын уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметін «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 219-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне беруді және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |