Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Досмұхамбетов Н.М.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде: 1) осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын. 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) бір апталық мерзімде осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 128 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылған тізбесі
1. «Аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандыру ұйымының сыйлықақы жөніндегі аннуитет шартын жасасу нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4809 тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|