Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-115/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 182 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|