|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 26-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; 2018 ж., № 12, 38-құжат; № 24, 92-құжат): 133-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:». 2. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 24, 175-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 21, 103-құжат): 1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;»; 2) 4-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарды; 2) азаматтық-процестік қатынастарды; 3) қаржылық қатынастарды; 4) әкімшілік рәсімдерді; 5) Орталық органдарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін реттейтін актілерді қабылдауға құқылы.»; 2-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, капитал қозғалысы операциялары солардың негізінде және (немесе) орындалуы үшін жүргізілетін валюталық шарттарды есептік тіркеу, шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беру талаптары, сондай-ақ жүргізілген валюталық операциялар туралы хабардар ету жөніндегі талаптар Орталық қатысушылары оның аумағында жүргізетін валюталық операцияларға қолданылмайды. Мәліметтер тізбесіне және Орталық қатысушыларының тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың оларды ұсыну тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталық актілерінде айқындалады.»; 2-тармақтың 4) тармақшасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді 4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын: «5-1-бап. Орталықтың инвестициялық резиденті 1. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияны жүзеге асырған, сондай-ақ мынадай шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Орталықтың инвестициялық резиденті болып табылады: Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін алғаш өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды; Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайды. 2. Инвестициялар тартуға бағытталған, инвестициялау көлемі мен құралдарын белгілейтін Орталық актісі Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы болып табылады. Орталықтың инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша қабылданады.»; 5) 6-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бапта белгіленген алып қоюларды қоспағанда, Орталықтың аумағындағы салық режимі Салық кодексінде айқындалады.»; 3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалатын басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.»; 2-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді 7-тармақтың 4) тармақшасындағы «түрінде түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.» деген сөздер «түрінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) егер жеке тұлғалар Орталықтың инвестициялық резиденттері болып табылса және Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті деп танылса, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден түсетін кірістері бойынша жеке және корпоративтік табыс салықтарын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады. Осы тармақшаны қолдану мақсатында Орталықтың инвестициялық резиденті Салық кодексінің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде бюджетке міндетті төлем төлейді.»; мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын: «8-1. Мыналар: 1) Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде бюджет қаражатын алуы; 2) Орталық органдарының бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған ақшаны Орталық әкімшілігінен алуы қосылған құн салығы салынатын өткізу бойынша айналым болып табылмайды. 8-2. Орталық қатысушыларының осы баптың 3-тармағында көзделген көрсететін қызметтері қосылған құн салығынан босатылады. 8-3. Қазақстан Республикасы өткізу орны деп танылатын, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер, егер жұмыстар мен қызметтер Орталықтың органдарына және (немесе) олардың ұйымдарына орындалса және көрсетілсе, бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.»; 2-тармақтың 6) тармақшасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді 6) 7-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталық қатысушыларының немесе органдарының жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Орталықтың инвестициялық резиденттері және олардың отбасы мүшелері бес жылға дейін қолданылу мерзімімен келу визасын алады.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Орталықтың инвестициялық резиденттеріне визаларды беру, жою, қайта қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімін қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық әкімшілігінің өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.»; 7) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Орталықтың қатысушылары және органдары Орталық актілеріне сәйкес Орталық әкімшілігіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер ұсынады.»; 8) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Орталықтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құратын, Орталық органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі, сондай-ақ олардың жұмыскерлері үшін жағдайды қамтамасыз ететін және өз құзыреті шегінде олардың мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.»; 9) 13-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасында Орталық сотының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталық актілерінде айқындалған тәртіппен Орталық соты шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.». 2-бап. Осы Конституциялық заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын, 5) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтарын, 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін Орталық актілерінде айқындалған қаржылық қызметтер көрсетуден алынған кірістерге, егер Орталықтың қатысушылары осындай қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға лизензияны Орталықтың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен актісі қолданысқа енгізілгенге дейін алса, 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін корпоративтік табыс салығын төлеуден босату қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 30 желтоқсан № 296-VI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |