Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес: 1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 149-ө өкімімен бекітілген
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес қызметінің мақсаттары Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, үйлестіру болып табылады. 3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. 5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі: 1) еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесі арасындағы байланысты нығайту үшін Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 2) кәсіптік біліктілікті тану жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар тұжырымдау.
3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|